СҚО-да туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам көз жұмды

0
482

Екінші ер адам екінші дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.


СҚО-да туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам денесін күйік шалып қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Трагедия Аққайың ауданы Тоқушы ауылында болды.
"Ер адам пеш жағу үшін туристік газ баллонын қолданған. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан ер адамның аяғының 30%-ін күйік шалған. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, ер адам медициналық мекемеде көз жұмды", - деді брифингте облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин.
Бұдан бөлек, өткен демалыста Қызылжар ауданында жер үйден өрт шығып, 61 жастағы ер адам қаза болды. Екінші ер адам екінші дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Облыстың өрт сөндірушелері өңірде өрттің жиілеп кетуіне алаңдап отыр.
"Жалпы жыл басынан бері өңір аумағында 21 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 40%-ке өскен. 70%-тен астамы тұрғын үй секторына келеді. Қаңтар айынан бері өрттен 6 адам қаза тапты. Үш адам иіс тиіп уланды, біреуі көз жұмды", - деді Растихин.
Оның айтуынша, қайғылы оқиғалардың көбі ішімдіктен болады. Былтыр көз жұмғандардың тең жартысы өрт кезінде мас болған.