СҚО-дағы қалалардың бірі қатаң карантинге жабылды

0
535

Коронавирусқа байланысты көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады.


СҚО-дағы қалалардың бірі қатаң карантинге жабылды

ERNUR.KZ. 9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу үшін қатаң карантинге жабылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавл арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

Сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа). Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады.

Сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды. 65 жастан асқандарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегі айтылды.