«Менен әрі жүріңдерші, өтінемін», деп жазды музыкант.
ERNUR.KZ. Скриптонит өзі жайлы жазған қазақстандық телеарнаны балағаттап тастады. Әнші өзін жарналамаған арнаға ауыр сөз айтты, деп жазады Stan.kz.
Телеарна Скриптониттің EMA-2020 сыйлығына үміткер екендігі туралы хабарлама жариялады. Ал әнші балағат сөз айтып, жауап берді.
Бір қызығы, әлеуметтік желі қолданушылары әншіні қолдады. Muzzone Instagram-да Скирптониттің Еуразиялық музыкалық сыйлыққа «Үздік Hip-hop жобасы» номинациясын ұсынғанын хабарлады.
Музыкант жазбаға жауап берді.
«Менен әрі жүріңдерші, өтінемін», - деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары Скриптониттің деңгейі мұндай марапаттан әлдеқашан асып кеткенін айтты.
«Олар бұрын қайда болды?», «Ол өзінің деңгейі қандай екенін қазірдің өзінде біледі», «Сенің деңгейің емес, қымбаттым», - деді олар.