Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталды

0
135

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы Сергеев және Петропавл гидротораптарында жоспарланған жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтады.


Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталды

фото: ortcom.kz.

ERNUR.KZ. Екі нысанда да жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Биыл Сергеев және Петропавл гидротораптарындағы жөндеу жұмыстары аясында 7 іс-шараны орындау жоспарланған. Екі нысан да Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарландыру жүйесімен біріктірілген жергілікті ескерту жүйелерімен жабдықталған.

Сергеев гидроторабы Есіл өзенінің ағынын реттейтін негізгі нысан және Петропавл гидроторабымен каскадта жұмыс істейді. Бұл екі нысан Солтүстік Қазақстан облысын, сондай-ақ Қостанай және Ақмола облыстарын ішінара сумен қамтамасыз ететін бірыңғай су шаруашылығы кешенін құрайды.

«Авариялық кезекші бригадалар құрылды, мамандар қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Учаскелердегі қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Су қоймаларының толу деңгейін тәулік бойы бақылау және су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерге жеткізу үшін жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды», – деді «Қазсушар» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиал директоры Ержан Кусумбаев.