Солтүстік Қазақстанда адамдар мінген гидроцикл аударылып қалған

0
112

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды.


Солтүстік Қазақстанда адамдар мінген гидроцикл аударылып қалған

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері судағы екі адамға көмектесті, деп жазады tengrinews.kz.

Есіл ауданы Үлкен Тараңғұл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ қызметкерлері аударылған гидроциклді және суда тұрған екі адамды байқап қалған.

"Қызметкерлер гидроциклді бастапқы қалпына келтіріп, адамдарды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды.

"Өзіңізді қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз!" - деді құтқарушылар.

Еске салайық, бұған дейін Сайран көлінде екі адам суға батып кеткені хабарланды.