4 адам иіс тиіп қайтыс болған, тағы бір адам ауруханада
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Буденый ауданында бір отбасының 4 мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Қайғылы жағдай 21 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында орын алған.
«Жекеменшік үйлердің бірінде көмірмен жанатын пешті дұрыс пайдаланбағандықтан, 4 адам иіс тиіп қайтыс болды. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды», – делінеді хабарламада.