Солтүстік Қазақстанда ер адам қарт әкесін сабап, оны видеоға түсірген

0
140

Еңгезердей жігіт әкесін сабап қана қоймай, жерден алып, жерге салып балағаттаған.


Солтүстік Қазақстанда ер адам қарт әкесін сабап, оны видеоға түсірген

ERNUR.KZ. Шал ақын ауданы Бірлік ауылында 22 жастағы жігіт 67 жастағы әкесін соққыға жыққаны үшін қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

Еңгезердей жігіт әкесін сабап қана қоймай, жерден алып, жерге салып балағаттаған. Сөйте тұра бұл әрекетін ол видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Жігіт бұл сәтте мас күйде болғаны анықталды.

Полиция жігітті ұстағанымен, жауапкершілікке тартпады. Өз ұлының қолынан зардап шеккен қария баласының үстінен арыз жазудан бас тартып, оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

“Соттың шешімімен жігіт 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Қылмыстық іс қозғалған жоқ”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тараған еді. Облыстық полиция ер адамды қамауға алды. Жуырда әкесін аяусыз ұрған түркістандық ер адамға екі бап бойынша айып тағылғаны туралы жазған едік. Прокурор ер адамды 6 жылға соттауды сұрады.