Солтүстік Қазақстанда әйел кәріз құдығына құлап қаза тапты

0
141

Алдын ала мәлімет бойынша ол уланып қалған.


Солтүстік Қазақстанда әйел кәріз құдығына құлап қаза тапты

Sputnik / Елена Бережная

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Новоишим ауылында әйел адам кәріз құдығына құлап қаза болды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға "Тарлан" ЖШС бас кәріз сорғы станциясының аумағында болған. Кәріз құдығына құлаған әйел станция қызметкері.
Алдын ала мәлімет бойынша, станция қызметкері кәріз сорғы станциясында құдыққа құлап, улы газдан қайтыс болды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.