Солтүстік Қазақстанда өрт екі адамның өмірін жалмады, біреуі 5 жастағы бала

0
111

ТЖД психологиялық қызметі баланың анасына қажетті көмек көрсетті.


Солтүстік Қазақстанда өрт екі адамның өмірін жалмады, біреуі 5 жастағы бала

фото: Предоставлено МЧС Каазахстана

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі бірдей өрт оқиғасы болды. Тілсіз жаудан тұрғын үйлер зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
18 қаңтар күні кешке облыстық ТЖД 112 пультіне Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД бөлімшелері дереу шақыру орнына барды.
"Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп, шатыр құлаған. Оқиға орнынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылды", - дейді департаментте.
ТЖД психологиялық қызметі баланың анасына қажетті көмек көрсетті.
Өрт жеке құрамның 35 адамы және 11 техника бірлігі ТЖД күштерімен толығымен жойылды. Өрттің алдын-ала себебі - пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Сонымен қатар 19 қаңтарға қараған түні Қызылжар ауданы Приишимка ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел келді.
"Үй толығымен отқа оранып, шатыр ішінара құлаған. Сөндіру кезінде 1973 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрт толығымен жойылды, себебі анықталып жатыр. Сөндіруге жеке құрамнан 17 адам және 5 техника жұмылдырылды", - дейді төтенше жағдайлар департаментінде.