Солтүстік Қазақстанда үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған

0
219

Қазір бала ауыр хәлде жатыр.


Солтүстік Қазақстанда үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған оқушы қызын анасы пышақтап тастаған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зәкиеваның айтуынша, оқушы қыздың жасы 11-де. Баланың жағдайы ауыр.

«Алдын ала болжам бойынша үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызын анасы пышақтап тастаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға апарды. Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Бұл істі аймақтық уәкіл өз бақылауына алды», - деп хабарлады Динара Зәкиева.