Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты

0
665

Экс-министрге лауазымдық өкілетін теріс және асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.


Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты

ERNUR.KZ. Сот денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін тағы 2 айға ұзартты, деп жазады inbusiness.kz

Сотта Елжан Біртанов өзінің кінәлі емес екенін, кінәсін дәлелдейтін деректердің жоқ екенін айтты. Экс-министр елден қашпайтынын және өзінің еш кінәсі жоғын дәлелдейтінін атап өтті. Сонымен қатар ол жауапты органдар бұл істе қарастырылып жатқан материалдарды қорғаушыларға бермей жатқанын мәлімдеді. Салдарынан жауап беруші тарап тағылып жатқан айыптың мән-жайын зерттей алмай жатыр екен.

"Бұл істің қылмыстық құрамы жоқ. Қызметімді асыра пайдаланғанымды дәлелдейтін деректер де жоқ. Мен мемлекетке ешқандай залал келтірген жоқпын. Ақпараттық платоформа келісімге сәйкес қолданысқа алынды. Ол жұмыс істейді. Осы орайда мені үйде қамау туралы шешімді жоюды талап етемін. Сондай-ақ бұл іске қатысты барлық материалды беруді сұраймыз. Біз де оларды зерттегіміз келеді", - деді ЕлжанБіртанов.

Айта кетейік, 2020 жылғы 25 маусымда Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті. Оның ұсталғаны туралы ақпарат өткен жылы қарашаның басында жарияланды. Осы айда ол үй қамауына алынып, әлі күнге дейін қамауда отыр. Экс-министрге лауазымдық өкілетін теріс және асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.