Сот Ерлан Қожағапановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

0
68

2025 жылғы мамырда Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.


Сот Ерлан Қожағапановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Фото:primeminister.kz

ERNUR.KZ. Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұған дейін ол үш жылға бас бостандығынан айырылған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Астанадағы сот Ерлан Қожағапановқа қатысты үкімді күшінде қалдырды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, 2025 жылғы мамырда Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге өмір бойына тыйым салынды.

Вице-министр 2024 жылдың 1 наурызынан бастап қамауға алынып, қамауда отырған. Үкім заңды күшіне енгенге дейінгі қамауда болған уақыты жазасын өтеу мерзіміне есептеліп, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу кезінде бір күн бір жарым күнге теңестірілді.