Сотта күйеуін қорғаған әйел өзі жазаға тартылды

0
613

​Әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.


Сотта күйеуін қорғаған әйел өзі жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында адам зорлау үшін жауапқа тартылған ер адамның әйелі сотты алдап, өзі жазаға тартылды, деп жазады sputnik.kz.

Қарғалы ауданының тұрғыны адам зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері үшін жауапқа тартылды.
Оған қоса, жәбірленушіге пышақпен жарақат салған. Бірақ оның әйелі сотта оны ақтап алуға тырысты. Оның айтуынша, жәбір көрген әйел оған өзі қоңырау шалып, үйіне шақырған.
Зорлау туралы ештеңе айтпады. Ал сөйлесіп отырғанда абайсызда өз-өзіне пышақпен жарақат салды. Сосын жараны таңып беруді сұраған көрінеді.
Дегенмен, сотта әйелдің дәл осы сөзі дәлелденген жоқ. Куәгер судьяны алдаған. Жәбір көрген әйелге шабуыл кезінде пышақ жарақатын алған. Оған айыпталушының тікелей қатысы бар.
Ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін оның әйелі өтірік айтқаны үшін сот алдында жауап берді. 33 жастағы әйел жалған куәлік еткені үшін кінәлі деп танылды.
Өз сөзінде ол отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтты. Себебі балалары бар. Бірақ судья оны да жазаға тартуға шешім шығарды. Әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.