Нүкенованың қазасынан кейін оның заттары ағасы Айтбек Амангелдіге сақтау үшін берілген.
ERNUR.KZ. Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда. Сот отырысында Салтанат Нүкенованың қаза болған күні кигені киімі алқабилерге көрсетілді, деп жазады stan.kz.
Нүкенованың қазасынан кейін оның заттары ағасы Айтбек Амангелдіге сақтау үшін берілген.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Уразбахова алқабилерге марқұмның шалбарының өте тар екенін, оны аяқ-киімі арқылы оңай шешіп алуы мүмкін еместігін жеткізді. Сондай-ақ ол Бишімбаевтың "Салтанат шалбарын аяқ киімінің үстінен шешіп алды" деп айтқанын еске салды.
Уразбахова Салтанаттың ақ көйлегіндегі түймелер жоғарыдан емес, төменнен жұлынғанын көрсетті.
Бишімбаевтың адвокаттары марқұмның қандай косметика қолданғанын сұрап, оның сөмкесінің ішіндегісін көрсетуді талап етті. Сөмке ішінде ерін далабы, қарындаштар мен қылқаламдар болды. Бірақ, олардың арасынан бірде-бір люкс бренді табылмады.
Еске салайық, 15 сәуірде сот отырысында Қуандық Бишімбаев екінші айыпталушы Байжановтың бопсалап, қысым көрсетіп жатқанын айтты. Сондай-ақ экс-министрдің адвокаты Бишімбаевтың Байжановқа қаржылай тәуелді екенін жеткізді.


