Сотталған альпинистке Жаңа жыл қарсаңында тапсырыс көбейген

0
1 285

Сотталған азамат психологиялық тұрғыда оң сипатқа ие.


Сотталған альпинистке Жаңа жыл қарсаңында тапсырыс көбейген

ERNUR.KZ. 22 жастағы жігіт пробация қызметінде есепте тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Есептегі сотталған "альпинист" кішкентай бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Ведомство инспекторларының айтуынша, жігіттің мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы жақсы.

– Бұл азамат альпинистік дағдыларды жетік меңгерген. Ол мұны кәсіби түрде жасайды. Жазда терезелерді жуады, ал Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата болып жұмыс істейді. Біз оның бастамасын қолдадық. Қазір "Аяз атамызда" тапсырыс көп, сондықтан біз бірден объектілерді тексердік, – деді Павлодар қалалық пробация қызметінің бастығы Серік Бөлекпаев.

Айтуынша, сотталған азамат психологиялық тұрғыда оң сипатқа ие, ата-анасымен бірге тұрады. Оның өзі бұл жұмыстың өзіне ұнайтынын, бұл оған өзін қаржылық жағынан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады. Альпинизмнен басқа оның негізгі жұмыс орны бар.