Сотталушылар Шерзат Болаттың отбасына моральдық өтемақы төлейді

0
167

Судья жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеуге қатысты талапты ішанара қанағаттандырды.


Сотталушылар Шерзат Болаттың отбасына моральдық өтемақы төлейді

ERNUR.KZ. Сотталушылар марқұм Шерзат Болаттың отбасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді, деп жазады baq.kz.

Судья жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеуге қатысты талапты ішанара қанағаттандырды.

Атап айтқанда, сот Абзал Шынасыл жәбірленушілердің әрқайсысына 20 млн теңгеден, барлығы 60 млн теңге төлеуге міндеттеді.

Равиль Сакиев Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына – 15 млн теңге, Жұмабике Қадыроваға – 15 млн теңге төлеу міндеттелді.

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет және Равиль Сакиевтен жәбірленуші тарапқа 30 млн теңгеден өндірілді.

Осылайша, үкім бойынша сотталушылар жәбірленушілердің отбасына төлейтін сома 120 млн теңгені құрайды.

Еске салайық, Шерзаттың отбасы 660 млн теңге сомасына моральдық өтемақы төлеуді сұрады.