Спорт министрлігі Сәкен Бибосынов пәтерін не себепті 10 жылдан кейін ғана алатынын түсіндірді

0
786

Токио Олимпиадасының бокстан қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа сыйға тартылған пәтер жалдамалы баспана болып шыққан болатын.


Спорт министрлігі Сәкен Бибосынов пәтерін не себепті 10 жылдан кейін ғана алатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың өзіне сыйға тартылған пәтерді неліктен 10 жылдан кейін ғана өз атына рәсімдей алатынын түсіндірді, деп жазады stan.kz.

“Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер беру туралы заң 2014 жылы қабылданған болатын. Ал 2019 жылы пәтерді өз атына 10 жыл мерзімге рәсімдеуді шектейтін норма енгізілді. Ал Сәкен Бибосыновқа пәтер 2021 жылы берілген. Сондықтан оны 10 жылдан кейін ғана ресімдей алады",— деді Айгүл Бектенова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Ведомство өкілі спортшыларға пәтерді жалға беру заңы аясындағы норманы түсіндіріп берді.

“Мысалы Олимпиада ойындарында пәтер алатын болса ол пәтерді өз атына он жылдан кейін ғана заңдастыра алады дегенді де заңға кіргізгенбіз. Өйткені спортшы допингке тексерілген кезде "А" және "Б" сынамалары алынады. "А" сынамасы сол мезетте ашылып тексерілетін болса "Б" сынамасы он жыл сақталады. Мысалы он жылдан кейін қайтадан тексеріс кезінде сол сынамадан допинг шығатын болса үйін тартып алмас үшін сол үй өз атында емес мемлекетте болады”,— деді комитет төрағасының орынбасары.