Степногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы салынады: 22 млрд теңгеге меморандумға қол қойылды

0
196

​Степногорск қаласында 1000 орындық жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешені бой көтермек.


Степногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы салынады: 22 млрд теңгеге меморандумға қол қойылды

ERNUR.KZ. Қала әкімдігі мен «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы арасында осы әлеуметтік маңызы зор екі нысанды салу жөніндегі меморандум жасалды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Екі нысанның жалпы құны – 22 млрд теңге. 2027 жылғы 1 қыркүйекте Степногорск қаласының оқушылары жаңа мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, IT-орталықпен, спорт залымен, мультимедиялық аймақтармен жабдықталады.

Ал спорт сарайының жобасы толық дайын, жер телімі де бөлінген – осыған байланысты құрылыс жұмыстары алдағы күндері басталып, келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Спорт кешенінде әмбебап зал, жүзу бассейні, жаттығу және арнайы спорт залдары, сондай-ақ жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған барлық қажетті инфрақұрылым қарастырылған.