Степногорскте толассыз жауған жаңбырдан көліктер су астында қалды

0
1 021

Қала тұрғындарының сөзінше, базардағы жағдай қиын.


Степногорскте толассыз жауған жаңбырдан көліктер су астында қалды

ERNUR.KZ. Степногорскте ұзаққа созылған нөсер салдары су тасқынына әкеп соқты. Қала тұрғындары Желіде су басқан көшелердің, жабық базардың және судағы көліктердің видеоларын жариялап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Қала тұрғындарының сөзінше, базардағы жағдай қиын. Су жабық нысандарға да кірген, ал көше дүңгіршектері су астында қалған. Қала тұрғындары мұндай нөсерді бірінші рет көріп отырғанын айтады.

Қазгидромет мәліметінше, Степногорскте 28,6 миллиметр жауын-шашын жауған, ал айына норма - 56 миллиметр. Осылайша, норманың жартысы түнде жауған.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі қала базарындағы 13 бутикті 20 сантиметр деңгейінде су басқанын айтты.

"Қала базары аумағындағы кәріз жүйесі тасқын көлеміне төтеп бере алмаған. Қазір су басқан аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімдік жағдайды реттеу үшін барлық қажет ресурсты жұмылдырды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілі.
Степногорск ТКШ бөлімі өкілі тұрғындардың шағымына қатысты пікір білдірді.
"Қала базары аумағында орналасқан кәріз жүйесі жұмыс істеуге жарамды, ол нөсерге байланысты жолдағы және көгалдағы балшықпен бітелген. Қазір су кәрізін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиға орнында "ARB-СпецМонтаж" ЖШС және "Степногорск Су арнасы" ШЖК МКК ұйымдары жұмыс істейді", - деді ТКШ бөлімі қызметкері.
Облыс әкімдігі мәліметінше, қалада аулаларды тексеру бойынша жұмыс тобы құрылған. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер жоғы хабарланды.
Сондай-ақ, тұрғындар оқиға салдарынан көлік нөмірлерін жоғалтып алып жатыр. Бей-жай қарамайтын азаматтар олардың иелерін табу үшін әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.
Желіде жанармай құю бекетіндегі жағдайдың да видеолары жарияланған.