Студентті өз үйінің ауласында пышақтап кеткен

0
1 222

Оқиғаның мән-жайы анықталуда


Студентті өз үйінің ауласында пышақтап кеткен

ERNUR.KZ. Үйдің ауласында болған қақтығыстың соңы пышақтасуға ұласып, нәтижесінде колледжде оқитын 16 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді, деп жазады nur.kz.

Оқиға Қарағанды қаласының 15-ші ықшамауданында орын алды.

Жас жігіт өзімен сөзге келіп қалған студентке пышақ сұғып алған.

"16 жастағы жәбірленушінің ішкі қуысы мен арқа сүйектерінде пышақ жарақаты бар. Оны жедел жәрдеммен жеткізді. Балаға ота жасалды. Операция сәтті өтті. Өз жасына байланысты, ол балалардың клиникалық ауруханасына ауыстырылады", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.