Су тасқыны кезінде жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетіледі

0
351

Су тасқыны апатынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешудің механизмдері әзірленді.


Су тасқыны кезінде жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетіледі

Су басқан өңірлерде тұрғын үй алудың механизмдері әзірленді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Су тасқыны апатынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешудің механизмдері әзірленді. Нақтырақ айтсақ, әкімдіктермен бірлесіп дайын пәтерлер сатып алу, зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы және әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетіледі.

«Бүгінде әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталуда. Бұл жұмыстар басқада өңірлерде де жалғасады», - дейді ол.