ҚР СІМ басқа елдегі әріптестерімен келісе отырып, Судандағы үш азаматтың эвакуацияланғанын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Үш азаматтың бірі БҰҰ-ның жергілікті штабында, екінші азамат жапондық компанияда қызмет еткен, деп жазады inbusiness.kz.
"Судандағы қақтығыс кезінде біздің үш азамат болған. Олардың барлығы қазір елден кетіп қалған. Қазақстандықтардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, қазір ол Эфиопияға аман-есен жетті. Ал жапондық компанияда жұмыс істейтін қазақстандық жапондық елшілердің атсалысуымен эвакуацияланды. Біз сол елдегі әріптестерімізбен байланыс орнатып, барлық Қазақстан азаматтарын эвакуацилау шараларын орындадық", - деді ресми СІМ өкілі.
Суданда қарулы күштер мен жедел әрекет ету күштерінің әскерилендірілген тобы арасындағы қарулы қақтығыс жүріп жатқанын еске саламыз.


