«Сүйектер шашылып жатыр»: Семей әуежайы маңынан ашық-шашық қалған табыт табылды

0
612

Аталған жайтқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді.


«Сүйектер шашылып жатыр»: Семей әуежайы маңынан ашық-шашық қалған табыт табылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Семей қаласы әуежайының маңында ашық-шашық қалған табыт жатқаны туралы видео тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желі қолданушыларының бірі түсірген бейнежазбадан әлдекім қалдырып кеткен табыт пен оның шашылып жатқан сынықтарын көруге болады.

«Аэропорт маңында мырыш табыт жатыр. Әлде құлап кеткені, әлде сыртқа лақтырып жібергені белгісіз. Табыт жанында әлдебір сүйектер шашылып жатқан сияқты. Мұндай затты бұлайша ашық-шашық қалдырып кеткені қалай деген сұрақ туындайды. Жақында ғана осындай табытпен ағамды жеткізген еді, денем тііркеніп кетті», - деп жазады видео авторы.

Желі қолданушылары автордың видеосы туралы түрлі пікір қалдырып, бірі «Неге бірден полицей шақырмадың?» деп кінәласа, енді бірі тиісті тұлғаларды жауапқа тартуды талап еткен.

Аталған жайтқа қатысты Абай облысы ПД пікір білдіріп, табыттың расымен де табылғанын мәлімдеді.

«Табыттың ішінде адам қалдықтары болмаған. Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалған. Осы факт бойынша 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады», - делінген ПД хабарламасында.

Осы баптың санкциясы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.