Сынып жетекшілеріне бөлек штат қарастырылуы мүмкін

0
1 678

Аталған мәселе бүгін Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында талқыланды.


Сынып жетекшілеріне бөлек штат қарастырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Сенаттың кеңейтілген отырысында ұстаздар жүктемесін азайту мәселесі қаралды, деп жазады zanmedia.kz.

Ұстаздардың жұмысын оңтайландыру, жүктемесін азайту. Аталған мәселе бүгін Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында талқыланды.

Мәселен, ұстаздарға жүктелетін шаруаны азайту үшін оқушылардың тәрбиесімен айналысатын сынып жетекшілеріне бөлек штат қарастырылуы мүмкін. Аталған ұсыныс білім және ғылым министрлігі тарапынан сараланып, зерттелді.

«Кем дегенде 25 мың штат ашу керек екен. Оған жылына 100 миллиардтан көп қаражат керек. Кейбір мектептер оны пайдаланады деген ойдамыз. Типтік шттатар бойынша 77-қаулы бар. Оған өзгерістер енгіздік. Мысалы қазір енді 10 мыңнан, 8 мыңнан біраз ақша жиналады ғой. Соны бүкіл сынып жетекшілікті жинап, бір адамға беруге болады», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.