Сыртқы істер министрі Қатар халқына көңіл айтты

0
94

Шарм-эш-Шейх маңындағы жол апатында үш дипломат қаза тапты.


Сыртқы істер министрі Қатар халқына көңіл айтты

Фото: ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар мемлекетінің премьер-министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Хатта Ермек Көшербаев Қатар Әмірі кеңсесі қызметкерлерінің Шарм-эш-Шейх қаласы маңында жол-көлік апатынан қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің шынайы көңілін білдірген.

Министр марқұмдардың аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның Қатармен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді.

Апат Египетте, Газа мәселесі жөніндегікеліссөз алдында болған

Бұған дейін Египетте, Шарм-эш-Шейх маңында Қатар делегациясы мінген көлік апатқа ұшырағаны хабарланған. Делегация құрамында премьер-министрді Газа секторындағы жағдай жөніндегі келіссөздерге ертіп жүрген дипломаттар болған.

Апат салдарынан Қатардың үш дипломаты қаза тауып, тағы үш адам ауыр жарақат алған.