"Тағайындаған адам жауапқа тартылады": құқық қорғау саласына қатысты өзгерістер мақұлданды

0
91

Түзетулер парламенттте қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі


фото: пресс-служба МВД Казахстана

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары құқық қорғау қызметі туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.
Заңға қызметкерді бұзушылықтар анықталған кезде лауазымға соңғы рет тағайындалған кезінен бастап үш жыл ішінде оны лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау бойынша түзетулер енгізіліп отыр.
Сондай-ақ құқық қорғау органы басшысының өзіне сеніп тапсырылған органдағы кадр жұмысында анықталған бұзушылық үшін жауаптылығы күшейтіледі.
"Егер, қызметкер ауыстыру кезінде талаптар бұзыла отырып тағайындалған болса, онда тағайындаған адам тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - делінген заң жобасының қорытындысында.
Айта кетері, түзетулер парламенттте қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.