"Тағы бала таяқ жеді": Қызылорда балабақшасында тәрбиеші баланы ұрған

0
627

41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.


ERNUR.KZ. Қызылорда қаласы Полиция басқармасына жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен, деп жазады inbusiness.kz.

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде.

41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.