Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 265 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Zakon.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан. Жер сілкінісінің уақыты – 09:03.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.4;
- MPV магнитудасы – 4.6;
- Тереңдігі – 5 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.