2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, "қызыл" аймақта 6 өңір тұр.
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.
Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.


