Тағы бір отандық вакцина сынақтан өтеді

0
526

Қарсы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша коронавирусқа 5 вакцина әзірленіп жатқанын айтты.


Тағы бір отандық вакцина сынақтан өтеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцинаға арналған онлайн брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Ерғали Әбдірайымов атап өткендей, қарсы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша коронавирусқа 5 вакцина әзірленіп жатқанын айтты.

"Біздің екінші вакцина суббірлікті, екі вакцина векторлық, бұл біздің қосқан ноау-хау болады. Тағы бір бағыт вакцинаның бәсеңдетілген түрін әзірлеу жоспарланған. Вирус штамын алу организмде ауру тудырмайды, бірақ иммунитет қалыптастыру кезінде тірі болып табылады. Суббірлікті вакцина әзірленді. Клиникаға дейінгі сынақ жануарларға жасалды. Жақын арада біз Денсаулық сақтау министрлігінен клиникалық фазалардың бірінші кезеңін өткізуге рұқсатты күтіп отырмыз", - деді Әбдірайымов.

Ол атағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық вакцина әзірлеу тапсырмасы берілді.

"Сол кезден бастап отандық вакцинаны әзірлеу мақсаты тұрды. Ол әзірленген соң, оған клиникалық зерттеу жүргізу тапсырылды. 1-2 фазалары анықталды. Енді үшінші фаза аяқталуға жақын. Қазір біз бірінші партияны жеткіздік. Енді екінші партияны жеткізуіміз қажет. «СҚ-Фармация» келісімшартына сәйкес, жыл соңына дейін біз анықталған хабтарға жеткіземіз", - деді ол.

Оның айтуынша, биоқауіпсіздік мәселелері институты пандемиялық тұмауға қарсы вакциналар сияқты басқа да аса қауіпті вирустармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге ие.

"Институт ғалымдарының вакциналар жасауда мол тәжірибесі бар, атап айтқанда, біз өз уақытымызда пандемиялық тұмауға қарсы вакциналар – бұл H5N1 әзірлеп, енгіздік. Бізде рекомбинантты вакциналарды жасау бойынша перспективалық әзірлемелер бар, әлсіреген вакциналарды әзірлеу бойынша технологиялар және белсенділігі жойылған вакциналарды жасауда жеткілікті үлкен тәжірибе бар. Осы технология бойынша қазір көптеген орталық, тіпті елдер де жұмыс істеуде", — деп атап өтті Әбдірайымов.