Түркістандық спорт шебері халықаралық сайыста күміс жүлде жеңіп алды

0
102

Дүбірлі сында сенімді ақтаған ленгірлік спортшы енді басқа додаларға дайындалады.


Түркістандық спорт шебері халықаралық сайыста күміс жүлде жеңіп алды

Түркістан облысының желкенді спорт шебері халықаралық регатада күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында су спорты түрлері қарқынды дамып келеді. Нәтижелері де жақсы.


Солардың бірі Никита Малахов Қазақстан құрама командасы құрамында жетекші топпен шығып, Ресейде өткен 34-Геленджик регатасында күміс жүлдеге ие болды.


34-ші халықаралық Геленджик регатасы Краснодар өлкесінде ұйымдастырылды. Бұл жарысқа Ресейдің 38 өңірінен және әлемнің 10 елінен 1300 спортшы қатысты.


Дүбірлі сында сенімді ақтаған ленгірлік спортшы енді басқа додаларға дайындалады.

Бөлісу