Тағы екі министр өз орындарында қалды

0
522

Кеше Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберген болатын.


Тағы екі министр өз орындарында қалды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәбденов және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов лауазымдарына қайта тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.