​Таиланд пен Камбоджа арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енді

0
138

Бұған дейін Малайзия үкіметінің басшысы Куала-Лумпурде өткен Таиланд пен Камбоджа делегациялары арасындағы келіссөздің қорытындысы бойынша бітімге келу туралы мәлімдеген.


​Таиланд пен Камбоджа арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енді

Коллаж: Kazinform/ Freepik

ERNUR.KZ. Таиланд пен Камбоджа арасында бес күнге созылған әскери қақтығыстардан кейін 29 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00–де (Астана уақытымен 28 шілде сағат 22:00) екі елдің шекаралас аймақтарында «атысты тез арада және сөзсіз тоқтату» туралы келісім күшіне енді, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін Малайзия үкіметінің басшысы Куала-Лумпурде өткен Таиланд пен Камбоджа делегациялары арасындағы келіссөздің қорытындысы бойынша бітімге келу туралы мәлімдеген.

— Біз, әрине, Камбоджа мен Таиланд арасында атысты тоқтату келісімін құптаймыз және оны қақтығыстарды тоқтату және шиеленісті азайту жолындағы оң қадам ретінде қарастырамыз, — деп мәлімдеді әлемдік ұйым басшысының орынбасары Фархан Хак.
Алайда келісім жарияланғаннан кейін көп ұзамай Таиланд армиясы Камбоджаны атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Қарсы тарап Камбоджа қарулы күштері түн ортасында күшіне енген атысты тоқтату келісімін мүлтіксіз орындап жатқанын айтып, айыптауды жоққа шығарды.
Мамыр айында даулы аумақта болған қақтығыстан Камбоджа сарбазының қазасынан кейін көрші елдер арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлады.
24 шілде күні таңертең Таиланд пен Камбоджаның шығыс шекарасында қақтығыс басталды. Екі ел әскери ұрысты бастады деп бір-бірін айыптады.