Таиландтағы катер апатынан кейін үш қазақстандық ауруханаға түсті

0
129

Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді.


Таиландтағы катер апатынан кейін үш қазақстандық ауруханаға түсті

фото: Социальные сети

ERNUR.KZ. Таиландта балық аулау траулерімен соқтысқан катерде 8 Қазақстан азаматы болған, деп жазады sputnik.kz.
Саяхаттау қайығы балық аулау кемесімен соқтығысқан. Бортта 55 адам болған, оның сегізі Қазақстан азаматы.
"Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Үш қазақстандық ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты, шығынды сақтандыру компаниясы өтейді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше консул тұрақты байланыста болып, қажет болған жағдайда қолдау көрсетіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі мәлімет тексеріліп жатқанын, әзірге Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспегенін мәлімдеген болатын.