38 жастағы әкім Әсет Масабаев былтыр наурыз айында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.
ERNUR.KZ. Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханаға түсті, деп жазады sputnik.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімнің ауруханаға түскеніне бірнеше күн болған.
"Әсет Дүйсебекұлы жансақтау бөліміне түскен болатын, қазір жалпы палатаға ауыстырылды. Жедел жәрдем қызметі жұмыс орнынан алып кетті. Өйткені, басы айналып, қан қысымы көтерілді. Қазіргі жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 38 жастағы әкім Әсет Масабаев былтыр наурыз айында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.