Қару-жарақ тәркіленіп, факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Талдықорған маңынан қару-жарақтар жасырылған орын табылды, деп жазады inform.kz.
29 сәуірде Жетісу облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінен қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
«Біз жасырылған қару-жарақ арсеналын таптық. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды», - деді Жетісу облыс Полиция департаментні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бақармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Қару-жарақ тәркіленіп, факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.