Талдықорған маңынан петроглифтер кешені табылды

0
2 482

Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен петроглифтер жиынтығы.


Талдықорған маңынан петроглифтер кешені табылды

Тасқа салынған көне суреттер бұдан 4 жыл бұрын белгілі болған. Зерттей келе 80 шаршы шақырымды алып жатқан бірегей тарихи орын екені анықталды, деп хабарлады Хабар-24.

Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен петроглифтер жиынтығы.

Әуесқой археологтар бұл аймақта 26 мыңнан аса петроглифтің бар екенін анықтады. Негізінен мұнда бұғы сияқты жабайы жануарлар, аңдар, ат үстіндегі адам, аңшылық көрініс, дөңгелекті арба және киіз үй көрініс тапқан. Осыған қарап саладағылар бұл жерді қазақ тарихының тасқа қашалған энциклопедиясына балап отыр.

Археология саласындағы еріктілердің батыл болжам жасауына негіз бар. Біріншіден тау шатқалындағы петроглифтер ат шаптырым аумақты алып жатыр. Екіншіден ерте қола дәуірінен бастап жиырмасыншы ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

Үшіншіден анық көрінетін суреттерде қазақтың мифологиялық таным түсінігі бейнеленген.