Талдықорғанда әскери қызметкер өзінің әріптесін атып тастаған

0
1 004

Қылмыс қаруы - 16-шы калибрлі шолақ аңшы мылтығы Қаратал өзенінің түбінен табылды.


Талдықорғанда әскери қызметкер өзінің әріптесін атып тастаған

ERNUR.KZ. 38 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы жағдай Қаратал шағын ауданында өткен жылдың 24 желтоқсанында кешке болған. Полицияға қастықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті, ер адам басына оқ тиіп, мерт болған.
Оққа ұшқан ер адам, тексере келгенде, Талдықорған маңында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық тергеу басқармасының басшылығы бұл істі өз назарына алды.
- Тергеу барысында бірнеше болжамдар қарастырылып, олардың әрқайсысы мұқият тексерілді. Біршама жұмыс жасалды. Жәбірленушіге қатысты барлық адамдардан жауап алынды. Бірқатар тағайындалған сараптамалардың нәтижелері алынды, олардың ішінде сот-криминалистикалық, баллистикалық, кескінді-сипаттамалық және тағы басқасы да бар. Нәтижесінде қарастырылған болжамның бірі расталды, полиция кісі өлтірген күдіктінің жеке басын анықтай алды. Ол жәбірленушімен бірге істейтін әскери қызметкер болып шықты, күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсап.
Полиция күдіктінің жәбірленушімен бір әскери бөлімде қызмет ететінінде қоса айта кетті.
- Сотқа дейінгі тергеу ісі облыстық тергеу басқармасы қолында. 16-шы калибрлі шолақ аңшы мылтығы Қаратал өзенінің түбінен табылды. Қару тәркіленіп, заттай дәлел ретінде тергеу материалдарына тіркелді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.