Талдықорғанда аялдамадағы екі адамды қағып өлтірген әйел жеңіл жазамен құтылды

0
759

Апат салдарынан 14 жастағы қыз да ауыр зардап шекті.


Талдықорғанда аялдамадағы екі адамды қағып өлтірген әйел жеңіл жазамен құтылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда аялдамада екі адамды қағып өлтірген зейнеткер шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Stan.kz.

Апат салдарынан 14 жастағы қыз да ауыр зардап шекті.

Апат 2019 жылғы наурызда Алматы-Өскемен тас жолының 252-шақырымында болған. Жас жұбайлар Талдықорған маңындағы аялдамада тұрды. Оларды Infiniti көлігін басқарған әйел адам қағып кетті. Жігіт пен қыз оқиға орнында қайтыс болды. Олардың қасында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз болды.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, 67 жастағы әйел Infiniti көлігін айдап бара жатқан. Ол жылдамдықты асырып, рульді басқара алмай, жол шетіне шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бұл үшін ол бес жылға сотталып, жеті жылға көлік жүргізуге тыйым салынды.

Әйелге Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағы бойынша «Көлік құралын жүргізуші адамның абайсызда адам денсаулығына орташа зиян келтіруі және екі адамның қайтыс болуына әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотталды.

«Сотталушының жасаған қылмысы орташа ауырлықтағы қылмыстарға қатысты. Сотталушының жазасының түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайларды ескереді: кінәсін мойындау, өкіну, оның кәрілігі (67 жас), мүгедектік, жағымды сипаттама тұрғылықты жері бойынша, материалдық зиянды ерікті түрде өтеу, абайсызда бірінші рет қылмыс жасауы ескерілді», - деп Талдықорған қалалық сотының үкімімен көрсетілген.