Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті

0
1 252

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.


Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті
ERNUR.KZ. Талдықорғанда екі адамның мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Марқұмдардың денесі Ақсу көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен табылды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, екі адамның да мойны кесілген. Полиция бұл туралы жан-жақты ақпарат берілмейтінін айтты.

"Қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді полициядағылар
Тәртіп сақшылары 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті – жұмыссыз.