Болжам бойынша, үй иесі газды өз бетімен қоспақ болған.
Фото: Youtube
ERNUR.KZ. Талғар қаласында газ жарылып, оқиға орнында әйел адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.
"Қарындасым түнгі сағат 01:30 шамасында хабарласып, үйде жарылыс болып, мамамнан айырылып қалдық деді. Келсем үй өртеніп жатыр, өртті өшірген соң анамның сүйегін алып шықтық. Қарындасым мен інімді жедел жәрдемге тапсырдым", – дейді марқұмның баласы Жандос Санғаджиев.
Ауылға газ биыл тартылған, бірақ жеке-жеке үйлерге кіргізілмеген. Зардап шеккен отбасы газ мамандарынан газды қосып беруді өтінген.
Болжам бойынша, үй иесі газды өз бетімен қоспақ болған.