Жеті адам ұсталғаны туралы бұрын хабарланған болатын.
видео кадры
ERNUR.KZ. Полицейлер 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы үш адамды ұстады. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Жеті адам ұсталғаны туралы бұрын хабарланған болатын. Осылайша, 10 адам ұсталғаны белгілі болды.
"Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олардың мәртебесі - қорғану құқығы бар куәгер", - деді Берік Адамов РСК брифингінде.
Адам өлтіру және бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.