Талғардан SOS сигналын жіберген: жоғалған ер адам өлі табылды

0
661

1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылды.


Талғардан SOS сигналын жіберген: жоғалған ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Алматыда 29 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған. ПД із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлайды.

Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Поповтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.

"Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.