​Таңғы астағы жәндік: Ақтөбедегі бөбекжай-бақшасында үш қызметкер жұмыстан шығарылды

0
130

Бұл балабақшада 210 тәрбиеленуші бар.


​Таңғы астағы жәндік: Ақтөбедегі бөбекжай-бақшасында үш қызметкер жұмыстан шығарылды

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Мұғалжар ауданы Самал бөбекжай-бақшасында ботқа ішінен жәндік шығып, үш қызметкер жұмыстан шығарылды. Қазір мұнда облыстық білім басқармасының зерделеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп жазады inform.kz.

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласындағы оқиғадан соң облыстық білім басқармасының жұмыс тобын құрды.

"Бүгінгі күні бұл балабақшаның меңгерушісі, медбикесі, бас аспаз жұмыстан шығарылды. Таңғы ас балаларға таратылған жоқ, берілген жоқ. Тек құйып, таратылар кезде анықталды. Видеоны кім түсіргені анықталады. Әкелінген азық-түліктің жарамдылық мерзімі өтпеген. Бұл жерде дайын болғаннан кейін ғана анықталып тұр", — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова.
Айта кетейік, бұл балабақшада 210 тәрбиеленуші бар. Мұнда білім басқармасы ғана емес, Мұғалжар аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан да тексеру жұмыстары басталды.