Бағлан Әбдірайымов өзінің біраз уақыт бойы жындармен арпалысқанын айтып, жұртшылықты таңқалдырды. Бір жарым жыл түсініксіз аурумен ауырған әншіні ақ халаттылар емес, дем салушылар құтқарған. Басынан өткен ауыр кезеңді әнші "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында ашып айтты деп жазады ERNUR.KZ сайты.
Қазақ этрадасының жарық жұлдызы, "Жігіттер" квартетінің әншісі, өзінің бойынан қорқынышты жындар табылғаны туралы айтып берді.
"Біртүрлі өмір сүріп жатұаныма үш жылдай уақыт болды. Бір жарым жыл бойы ауырдым. Бойымды қорқыныш пен үрей билеп алды. Екі қадам жасай алмадым. Ұшаққа отырсам да, қонсам да қорқыныш болды. Бір жерге барып келу де қорқынышты болды. Тіпті таңертен тіс жууға бара жатқанда да бойымды үрей билей бастаған.
Ойладым мені жын ұратын шығар деп. Бармаған ауруханам мен алмаған емім жоқ. Каблуковадағы емханаға да барғанмын. Ол жерде маған екі қымбат дәрі берді. Оны екі күн бойы іштім де, өзімді танымай қалдым. Ешқандай шешім қабылдамайсың, мүмкіндік болса жата бергің келеді. Үнің шықпай қалады. Сосын бір күні лақтырдым ол дәріні. Сосын казиноға бара бастадым. Ол жерге барғанымда қорқыныш кетіп, ауруымды ұмытып кетемін.
Дем салушы ағаларымыз тазартты. Жындар әлемінен алыс болмай шығыппын. Олар менің бойымнан табылған екен. Бір жарым жыл бойы ауырып, мені мазалаған да сол үш әріптілер болыпты" , - деді әнші.
Бағлан бұл қорқынышты құбылыстың тек өзін ғана емес, қарындасы мен жұбайын да мазалағанын айтты. Cонымен қатар, ол өз басынан өткен жайттардың кімнің кесірінен болуы мүмкін екенін де жеткізді.
"Бір ірі кәсіпкер де емеспін. Өнер жолында ешкімнің жолын да кеспегем. Ойлаймын кезінде бізден үміті үзіліп қалған қара көздеріміз бе деп. Өйткені, әншілердің үйленуі кезінде өмірден түңіліп қалатын жанкүйерлердің бары заңдылық. Сол кезде ренжітіп алған шығармыз" , * деп қайырды әнші.
Дереккөз NUR.KZ


