Таратылған Capital Bank Kazakhstan салымшыларына өтемақы олардың зейнетақы шоттарына аударылды

0
422

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына төлемдер биылғы жылдың 3 шілдесінде аяқталған болатын.


Таратылған Capital Bank Kazakhstan салымшыларына өтемақы олардың зейнетақы шоттарына аударылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры таратылатын "Capital Bank Kazakhstan" АҚ 40 мыңнан астам салымшысының кепілдік өтемақысының талап етілмеген сомасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы шоттарына аударды, деп жазады inbusiness.kz.

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына төлемдер биылғы жылдың 3 шілдесінде аяқталған болатын. Бір жыл ішінде ҚДКБҚ банк салымшыларына кепілдіктің жалпы сомасының 92%-дан астамын өтеген. Бұл - шамамен 1,6 млрд теңге.

"Кепілдіктің қалған бөлігі талап етілмей қалды, себебі кейбір салымшылар төлем мерзімі ішінде өтемақы алуға өтініш бермеген. Негізінен азғантай сомалар қалды. Олар "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Заңына сәйкес БЖЗҚ-ға төлем мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, яғни 2022 жылдың 2 тамызына дейін аударылды",- деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Өтем БЖЗҚ дерекқорында деректері бар салымшыларға жүргізілген.

"Ағымдағы жылдың 2 тамызындағы жағдай бойынша ҚДКБҚ-нан ерікті зейнетақы жарналары түрінде 41 134 банк салымшысының жеке зейнетақы шоттарына 90 млн теңгеге жуық қаражат түсті. Қаражаттың түсуін БЖЗҚ сайтынан және мобильді қосымшасынан, сондай-ақ "Электрондық үкімет" порталынан тексеруге болады", - дейді қордан.