Полицияның айтуынша, бұл факт бойынша "суицидке жеткізу" бабыммен қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Желіде Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 34 жастағы полицейдің өлі денесі табылғандығы жайлы ақпарат тарады. Деректерге сүйенсек, ол асылып қалған, деп жазады zakon.kz.
Полицияның айтуынша, бұл факт бойынша "суицидке жеткізу" бабыммен қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы шұғыл түрде жетті. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін қажетті кешенді тергеу – жедел іс-шаралары жүргізілуде", – делінген ақпаратта.