Таразда 13 жасар қызды ұрламақ болғандар туралы сұмдық ақпарат шықты

0
121

​Күдіктілер есірткіге тәуелді болған.


Таразда 13 жасар қызды ұрламақ болғандар туралы сұмдық ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Тараз қаласында автобус аялдамасында 13 жастағы мектеп оқушысын ұрлауға оқталған деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп жазады baq.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева олардың туған ағайынды екенін және есірткіге тәуелді екенін мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі ер адамның көлікпен келіп, қызды күшпен алып кетуге тырысқан сәті түсірілген бейнежазба тараған. Оқиға куәгерлері бірден полиция шақырған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдіктілер жедел анықталып, ұсталды.

Еске салайық, бұған дейін Таразда екі ер адам 13 жастағы қызды аялдамадан ұрлап кетпек болғаны туралы жаздық.