Өңірге биыл алғашқы қар белгіленген мерзімнен бір айдан астам уақыт бұрын түсті.
Фото: Алексей Поляков/Kazinform
Өңірге биыл алғашқы қар белгіленген мерзімнен бір айдан астам уақыт бұрын түсті.
Қала тұрғындары 1 қазанның өзінде күннің күрт суытқанын сезінді. Күндізгі температура + 3-5°C шамасында болды, жауын-шашын болды. Бұл синоптиктер үшін күтпеген жағдай еді, бір күн бұрын таратылған болжамда тек жаңбыр жауатыны айтылған, дегенмен «Қазгидромет» күн райының бұзылатыны туралы ескерту жасаған.
Қар ұшқыны әлі дымқыл жерге тиген бойда еріп, суға айналып жатыр. Бірақ алғашқы қардың жауғаны назардан тыс қалған жоқ — тұрғындар әлеуметтік желіде суреттерімен бөлісіп, қазанда күтпеген күн райына қуанышын білдіріп отыр.
Бұған дейін Жамбыл облысында қазан айында күн райы қандай болатынын жазған едік.