Таразда бұзақылар күзетшілерді пышақтаған

0
976

Тараз қаласында бұзақылар дәмхана күзетшілерін пышақтаған. Оқиға 10 сәуір күні сағат таңғы төртте "Слим-бар" кафесінде орын алған. 24 жастағы екі азамат жастары 18-дегі екі күзетшіге шабуыл жасаған. Күзет қызметкерінің бірін өткір затпен жаралаған. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып жатыр.


Таразда бұзақылар күзетшілерді пышақтаған

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды.

ERNUR.KZ Таразда 18 жастағы екі күзетші 24 жастағы бұзақылардың қолынан зардап шекті. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Zakon.kz.

Анықталғандай, оқиға 10 сәуір күні сағат таңығ төртте "Слим-бар" кафесінде орын алған. 24 жастағы екі азамат жастары 18-дегі екі күзетшіге шабуыл жасаған. Күзет қызметкерінің бірін өткір затпен жаралаған. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

Зардап шеккен екінші ер адам да ауруханада жатыр. Шабуыл жасағандарды тұтқындады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал күдіктілер болса қамауда отыр. Күдіктілерге қатысты денсаулыққа қасақана аса ауыр зақым келтіру мен алдын ала келісілген топтық бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.